[:kk]Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды [:]

[:kk]

Нұрсұлтан Назарбаев 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 “Nur Otan” партиясы 17 тамыздан партияішілік іріктеу – праймеризді бастайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді,

“Nur Otan” партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды”, – деп жазды Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында

Ол праймериз партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

“Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау”. – деді ол.

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол ертең, 5 маусымда жарияланады.

Айтуынша, праймеризде дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беруді де өткізу жоспарланып отыр.

Таяу арада партияішілік іріктеуге қатысуға ниетті азаматтарды оқыту басталады.

“Nur Otan” партиясы праймеризді 30 наурыздан бастауды жоспарлаған еді. Алайда карантинге байланысты мерзімді ауыстыру туралы шешім қабылданды.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp