[:kk]Жапония коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілген Олимпиада және Паралимпиада ойындарын оңтайландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
Бейсенбіде Токио губернаторы Юрико Коикэ журналистерге осындай мәлімде жасады.
“Бізге ілгерлеу қажет, кей нәрсені оңтайландырып, жеңілдетіп дегендей. Мемлекет пен ұйымдастыру комитеті мұны қалай жасауға болатынын ойланады”, – деді губернатор.
Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді деп белгіленген еді.[:]