[:kk] Ауыл шаруашылығы министрі халыққа есеп берді[:]

[:kk]Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру жиналысын өткізді.  2019 жылдың қорытындылары  мен 2020 жылдың 4 айындағы саланың даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн. теңгені құраған. Салаға тартылған инвестиция көлемі 41%  өсіп,  501,6 млрд.теңге болған.

2019 жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг 53 млрд теңгеге 82 мың бас ІҚМ импортын және 12,3 млрд теңгеге 374 мың бас ұсақ мал сатып алуды қаржыландырды.

Сондай-ақ, құны 19,1 млрд теңгеге 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Осы бағытта, бұрын қаржыландырылған жобаларды ескере отырып, 2019 жылы жалпы құны 64,3 млрд. теңге болатын мал шаруашылығы саласындағы 54 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

Сонымен қатар,  мал шаруашылығы тауарының өнімі 4% -ға өссе, өсімдік шаруашылығы ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1,7%  азайған.

Қазақстандық өнім әлемнің 72 еліне экспортталып,   3,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасын тапқан. Қазіргі уақытта суармалы жер көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайды. Өсімдік шаруашылығы тамшылатып суару сияқты суды үнемдеудің соңғы технологияларымен қамтылған. Осы ретте өсімдік майы өндірісі 24,6% -ға, макарон өнімдері 4,6% -ға артқан.

Машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 4% дейін көтерілді. 2018 жылғы 9,5 мың данамен салыстырғанда 12 мыңға жуық ауылшаруашылық техникасы сатып алынған.

 

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp