[:kk]31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ[:]

[:kk]Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тарихи дата 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасын төкті. Әкімшілік-жазалаушы жүйе бесіктегі сәбиден бастап, еңкейген кәріні де, нәзік жанды әйелді де аяған жоқ. Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз. Осыған орай      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы да бүгінгі күнді атап өтті.

     «Бұл күн тарихта орны ерекше күн. Дәл осы күні елімізде 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Қазақ даласында қаншама адам аштықтан ажал құшты. Ел бастаған арыстарымыз ату жазасына кесілді. Сондықтан, бүгінгі шарадағы мақсатымыз тарихты ұмытпай, ата-баларымызға тағзым ету. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, кешкісін осынау қасыретті жылдарда қоғам қайраткері, ру басы, Алаш қозғалысының өкілі болған Тағыт Еңсеұлының «Көгалда» шығармасымен басталатын шағын онлай концертімізді ұсынамыз»- дейді аталмыш мекеменің «Халық ән» бөлімінің менеджері М. Сапарғали.

Деректер бойынша Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Осынау оқиғаның салдарынан бас-аяғы 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp