Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Атыраудағы зауыттарды аралады

Атырау қаласына жұмыс сапары аясында Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Индустрия және құрылыс министрлігінің аймақтағы негізгі кәсіпорындары: «WIKA Kazakhstan» ЖШС және «Atyrau Oil Service» ЖШС зауыттарында болды.

«WIKA Kazakhstan» ЖШС зауыты 2023 жылы іске қосылған, төраға бақылау-өлшеу аспаптарының өндірісімен танысты. Зауыт монометрлерді, мембраналық бөлгіштерді және температураны өлшеуге арналған электрондық аспаптарды шығарады, жылына 50 миллион аспап өндіреді. Кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді, ал өнім Қазақстан Республикасының ішкі нарығына бағытталған. Өнім ассортиментіне температура, қысым, деңгей және ағынды өлшеу техникасы, электр контактілі манометрлер, қысым және температура түрлендіргіштері, сондай-ақ түрлі өнеркәсіп салаларында сұранысқа ие өнеркәсіптік термометрлер кіреді.

 

2023 жылы жұмысын бастаған «Atyrau Oil Service» ЖШС зауыты сорғыларды, тығыздағыштарды және металл бұйымдарын өндіруге маманданған. Кәсіпорын жыл сайын 500 мың аспаптар мен құрамдас бөліктерді шығарып, мұнай-газ, мұнай-химия және энергетика салаларына қызмет көрсетеді. Компания өнімдеріне үш фазалы сепараторлар, горизонталды тұндырғыштар, фланецтер, болттар, шпилькалар, гайкалар, белдіктер, тығыздағыштар, манжеттер, сақиналар және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін басқа да бұйымдар кіреді. Зауытта сонымен қатар темір-бетон цехі және шағын құрылыс құрылымдарын өндіру орындары бар. Кәсіпорында 19 адам жұмыс істейді, өнім Қазақстанның ішкі нарығына бағытталған.

Азамат Панбаев осы кәсіпорындардың аймақтың өнеркәсіп секторын дамытуға қосқан елеулі үлесін, өндірісті жаңғырту және инновациялық технологияларды енгізу процесіне белсенді қатысуын, сондай-ақ импортты алмастыруға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp