2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.

Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:

  • I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp