Ақмола облысында кеңседен сейфті ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Ақмола облысында қолма-қол ақшаны сейфімен ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады.

“Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған”, – делінген хабарламада.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp