22 маусымда өрт шыққан “Rixos Khan Shatyr Residences” ТК қатысты әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
“Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді”, – делінген хабарламада.
Өртсөндірушілер бірнеше сағат бойы өрт пен түтінге қарсы күресті. Өрт түскі сағат екілер шамасында байқалған. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кешкі сегізден кейін сөндірілгенін хабарлады.