[:kk]Тоқаевтың Ұлттық кеңесі үшінші отырысын өткізетін болды[:]

[:kk]Алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қариннің хабарлауынша, оған еліміздің әр аймағынан арнайы қосылымдар ұйымдастырылады.

Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес, алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. Ақпан айынан бастап, аталған тақырып шеңберінде Ұлттық кеңес мүшелері тиісті сараптама жасап, өз ұсыныстарын дайындауға кіріскен. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp