Сүйінші жаңалық: «Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp