2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылы салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 37 372-ге өсті. Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Анадолы.
Хабарға сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі аймақтарында үш рет жасаған шабуылы нәтижесінде 25 палестиналық көз жұмған. Бұдан бөлек, тағы 80 адам зардап шеккен.
Осылайша, 7 қазаннан бері жалғасқан Израиль шабуылы кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 37 372-ге, жараланғандар саны 85 452-ге жетті, деп хабарлады Газа Денсаулық сақтау министрлігі.
Қаза тапқандардың денесі әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр, деп қосты ведомство.