Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері тауар мен қызмет ақысын жасанды купюрамен төлеген 23 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жігіт әуелі 24 сағат жұмыс істейтін гүл дүкенінен сүйіктісіне гүл шоғын сатып алған. Сатушы 20 000 теңгелік жалған ақшаны бірден танымаған.
Артынша жігіт жақын маңдағы асханаға барып, таңғы ас ішкеннен кейін номиналы 20 мың теңгелік жасанды банкнотпен есепшотты төлеп, шынайы ақшаға ауыстырып алған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.