Астанада интернет жылдамдығы шынымен Токиодан озып кетті ме — жаңа министр жауап берді

Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі интернет сапасына өз бағасын берді.

Үкімет үйінде журналистер «Қазақстандағы интернет жылдамдығы шынымен Токиодан асып кетті ме?» деп сұрақ қойды.

«Мен Токионың жылдамдығын өлшеген емеспін. Маған ең маңыздысы — Қазақстандағы интернеттің жақсы болуы. Сол үшін жұмыс істеймін», — деп жауап берді Жаслан Мәдиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тілшілер жаңа министрден елдегі интернеттің қазіргі жылдамдығына қандай баға беретінін сұрады.

«Интернет сапасы жақсы жерлер де бар, орташа жерлер де бар. Сапасы төмен жерлерді тексереміз де, жақсарту үшін жұмыс істейміз», — дейді министр.

Сондай-ақ, «Интернет сапасына көңіліңіз тола ма?» деген сұраққа да министр:

«Назарға алып, жұмыс істейміз, біраз мәселе бар» деп жауап берді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp