[:kk]”Барселона” банкрот алдында тұр[:]

[:kk]Каталониялық атақты футбол клубы қиын жағдайда деседі.

“Барселона” президенттігіне кандидат Виктор Фонт клубтың банкрот алдында тұрғанын мәлім етті.

– “Барселона” құрдымға кетуі мүмкін екенін талайдан бері ескертіп келдік. Клуб әлі футболшылар буынын жаңартуы керек, жаңа спорт кешенін салып, қаржылық ресурстары өте зор компаниялармен бәсекелесуі керек. Неймар ісі бойынша клуб сотқа сүйретілді, ойыншылар мен қызметкерлер арасында талай кикілжің болды, клуб әлеуметтік желілер ісі бойынша тексерулерді бастан өткерді. Клубның спорттық саясаты да тұрақсыз, директорат іріп-шіріді, коронавирус салдарынан табыстар айтарлықтай азайып кетті. Клубқа экономикалық және моральдық банкрот қауіпі төніп тұр. Ойын аяқталды, – деген Фонттың сөзін Mundo Deportivo келтірген.

Виктор Фонт – технологиялар саласындағы каталониялық кәсіпкер. Ол 2021 “Барселона” президентінің сайлауында Жозеп Бартомеумен күреске түседі.

Биыл Ла лиганың көш басында келе жатқан “Барселона” коронавирус пандемиясы үшін үзіліске кетуге мәжбүр болды, клуб 27 турдан кейін “Реалдан” екі ұпайға озып тұр.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp