Заңдарда отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері туралы нормалар қарастырылған. Журналистерге қатысты ескіру мерзімі бір жылға, БАҚ сауалына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылған.
Бұдан бөлек, өзгерістер мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды, кезең кезеңімен 5 пайызға (2025 жылдан бастап 55 пайыз, 2027 жылдан бастап 60 пайыз) көшуді көздейді. Сондай-ақ, отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле -, радиобағдарламалар мен музыкалық шығармалар санын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту (кезең кезеңмен енгізу ұсынылды).
Сондай-ақ, отандық теле-радио арналардағы шетелдік теле-радио бағдарламаларды қайталап көрсетуді 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.
Кодекстер мен заңдарға “БАҚ” деген сөзді “массмедиа” деген сөзбен алмастыратын өзгерістер енгізілген.