Мемлекеттік рәміздер күніне орай астаналықтарға 5 мың ту таратылды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты – көпшілік арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.

 

Ұйымдастырушылар елорда әуежайы мен теміржол вокзалдарын, «Хан шатыр», KeruenCity, Mega Silk Way ойын-сауық орталықтарын, «Нұрлыжол» мен қаланың негізгі көшелерін, сондай-ақ қоғамдық көліктерді аралап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Бұл күні қала тұрғындары мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап форматындағы викториналық ойындарға қатысты. Ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр қатысушыларға 150-ге жуық кәдесый табысталды.

 

Айта кетерлігі, «Рәміздерім – айбыным» акциясы шеңберінде ашық аспан астындағы сахнада патриоттық әндер шырқалған концерт болып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары өнер жұлдыздарымен қосыла ән шырқап, интерактивті ойындарда арнайы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.​

 

Cуреттерге сілтеме https://disk.yandex.ru/d/ccGwXl1KhkS7JQ

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp