[:kk]Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қашан өтетіні белгілі болды[:]

[:kk]Коронавирус пандемиясы салдарынан тоқтаған Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қайта ұйымдастырылуы мүмкін, нақты күндер белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуропа Лигасының ұтыс ойыны 2-3 тамызда басталады. Чемпиондар лигасы 7-8 тамызда оралады. Ойындар әр үш күнде өтеді.

Бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасының финалын 29 тамызда өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланған.

Мұның алдында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жоспарланған барлық ойынды коронавирустың тарауына байланысты шегерген болатын.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты бүкіл әлемде спорттық іс-шараларды жаппай кейінге қалдырылды. COVID-19 былтыр жыл соңында Уханда (Қытай) тіркелген болатын. Содан бері әлемде 2,3 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды. 158 мыңнан астам өлім тіркелді. 590 мың адам жазылып шықты.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp