[:kk]ҚР АШМ СӘУІР АЙЫНДА СӘБІЗ, ПИЯЗ, ОРАМЖАПЫРАҚ ЭКОСПОРТЫНА 500 СЕРТИФИКАТ БӨЛДІ. ⠀[:]

[:kk]Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитарлық сертификаттар штатты режимде берілуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді.⠀

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктердің мемлекеттік карантиндік инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Тексеру процедуралары заңнамада белгіленген тәртіппен жүруде, фитосанитариялық жағдайды қарағаннан кейін барлық өтініш иелеріне сертификаттар беріледі. Фитосанитариялық сертификаттарды беру 5 жұмыс күнін, карантиндік сертификаттарды беру – 3 жұмыс күнін алады.

Пиязды, орамжапырақты, сәбізді және көкөністер мен жемістердің басқа түрлерін (азық-түлік картоптарын қоспағанда) экспорттағысы келетіндер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелерінен фитосанитариялық сертификаттар ала алады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp