[:kk]ҚР АШМ: СӘБІЗДІ ЭКСПОРТТАУ ҮШІН СЕРТИФИКАТ АЛУ КЕРЕК[:]

[:kk]ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанда сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбағаны туралы хабарлайды. Аталмыш өнімді шетелге шығару үшін фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде.

Сәбіз экспорттағысы келетін кәсіпкерлер фитосанитариялық сертификат алу үшін Комитеттің облыстық аумақтық бөлімшелеріне жүгінуі қажет.

Фитосанитариялық сертификаттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен регламентіне сәйкес жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Барлық қажетті тексеру процедураларының атқарылуына және сәбіздің фитосанитарлық жағдайына қарай кәсіпкерлер сертификаттар ала алады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp