2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» деп атап өту ұсынылды

Қазақстанда 2 ақпан – Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін. Бұл ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның 2023 жылғы 13 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» деп атап өту ұсынылады. Осыған байланысты Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесінің құрылымына жаңа мерекелік күн, 2 ақпан – Ұлттық басылым күні енгізіледі», – делінген қаулы жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын айқындап, сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында ұсынылғаны жазылған.

«28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, 2021 жылдан бастап 1 қазан – радио қызметкерлері күні деп белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңызын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор», – деп түсіндірме берілген қаулыға.

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp