[:kk]Қазақстанның Ұлттық банкі 2 сәуірге доллардың ресми бағамын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2 сәуірге арналған доллардың ресми бағамы – 448,52 теңге. Ал 1 сәуірдегі бағам – 447,67 теңге болған.
Бұған дейін Ұлттық банк айырбастау пунктеріндегі операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін белгіледі. Енді бұл шектеу доллар үшін 6 теңге, еуро үшін 7 теңге.
Айта кетейік, бүгінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда көптеген айырбастау пункті жұмыс істемейді.
[:]