[:kk]Бұдан әрі сауда режимі туралы ақпарат дер кезінде көпшілікке хабарланып отыратын болады.
Қазақстан Ұлттық банкі және Қазақстан қор биржасы теңгенің шетел валюталарына шаққанда төмендеуіне байланысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлттық банк өткен күні әлемдік қаржы нарықтарындағы дүрбелең өрши түскенін еске алды. Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 25 долларға жетті, осылайша баға тәулігіне 14% және жыл басынан бері 60% -дан астамға төмендеді. Әлемдік қорлар мен валюта нарықтарда да құлдырау жалғасып жатыр. Ресей рублі тәулігіне 7,3%, ал жыл басынан бері 30% -дан астамға құнын жоғалтты. Осы жағдайларды ескере отырып, сыртқы факторлардың ішкі валюта нарығындағы тұрақсыздыққа әсерін шектеу және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңгенің долларға шаққандағы валюталық жұптық сауда-саттығын Франкфурт аукционы түрінде өткізуге шешім қабылдады. Франкфурт аукционы түрінде өткізілген сауда-саттық клиенттердің қолда бар өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеуге мүмкіндік береді, делінген Ұлттық банк пен KASE хабарламасында.
Бұдан әрі сауда режимі туралы ақпарат дер кезінде көпшілікке хабарланып отыратын болады.[:]