Шыңғыс Айтматов көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының бірден оң және сол жағалауын жалғап тұрған жалғыз көше. Сарыарқа ауданынан басталып, Есіл ауданында аяқталады. Шабал Бейсекова көшесінен басталып, Қорғалжын тасжолын, Қайым Мұхамедханов көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 3900 м.
Шыңғыс Айтматов — ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.