[:kk]Несие төлемі 15 сәуірге дейін ғана шегеріледі[:]

[:kk]Кредитті шегерту үшін мұқтаждықты дәлелдеу қажет – Дәурен Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде несие төлемі кімдер үшін тоқталытанытын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

“Қазіргі таңда Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Қазақстан қаржыгерлер одағы, екінші деңгейлі банктер және қаржы ұйымдары халықты қолдаудың тиісті шараларын дайындады. Сонымен, борышкерлерге 16 наурыз бен 15 сәуір кезеңінде төлемдерді шегеру мүмкіндігі ұсынылады. Төлемдерді тоқтату оған шынымен мұқтаж адамдарға беріледі. Мысалы, карантин енгізілуіне байланысты жұмысынан айырылғандар, ақысыз еңбек демалысына жіберілгендер, еңбекақысы тоқтатылып немесе қысқартылғандар және т.б. Өздеріңіз түсініп отырғандарыңыздай, өтем тоқтатуға төтенше жағдаймен байланысты себептер негіз бола алады. Құжаттық растаусыз ондай көмекті жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер мен АӘК алушылар мен әлеуметтік аз қамтылған топтар автоматты түрде алады. Ол азаматтардың тізімін қаржы ұйымдары кредидит бюросынан алады. Бұл шара кәсіпкерлерді де қамтиды. Мысалы, көрсетіп отырған қызметінің немесе сататын тауарынан түсетін табысы азайса, немесе сатып алушы төлемді кешіктірген жағдайда және т.б.”,– деді Дәурен Абаев тікелей эфир арқылы.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp