Сағадат Нұрмағамбетов көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданында орналасқан. Жұмекен Нәжімеденов көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Айнакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1900 метр.
Сағадат Нұрмағамбетов – 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы, Ақкөл ауданында өмірге келген. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған армия генералы.