Жаңалықтар

«Отанға барар жол» байқауы жарияланды

Шетелде тұратын отандастарымыздың арасында жоғары білім алуға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды. Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылдан бастап Халықаралық білім беру корпорациясы «Da Vinci Code», «American Education Challenge», «KAU Challenge», «Connecting Challenge» сияқты республикалық олимпиадалардың нәтижелері бойынша мектеп пен колледждердің ең дарынды түлектері үшін 100-ден астам ішкі грант бөліп отыр.

Ал, олимпиаданың барлық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар талапкерлерге ҰБТ қорытынды ұпайлары бойынша барлық оқу кезеңіне 100 пайызға дейін жеңілдіктер беріледі», деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Мұнан бөлек Маргарита Имандосова Халықаралық білім беру корпорациясында екі және одан да көп баласы бар отбасылар, ХБК білім беру ұйымдарында оқитын білімгерлер үшін арнайы жеңілдіктер, сонымен қатар ХБК-да жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары үшін, академиялық үлгерімі жоғары студенттер үшін, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан білімгерлер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын айтты.

«ХБК-да ақылы негізде оқитын, бірақ әр түрлі әлеуметтік және материалдық жағдайларға байланысты оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ дарынды магистранттар мен білімгерлерге «Scholarships» арнайы шәкіртақысы қарастырылған. Осы жылы біз «Отанға барар» жол байқауын ұйымдастыруға шешім қабылдадық», деді коропорация ректоры.

 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button