Елорданың Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясында Алаштану интерактивті кабинетіашылды. Кабинет соңғы үлгідегі компьютерлерменжәне жаңа заманғы инфографикалық деректерменжабдықталған. Сонымен қатар, осы іс–шара аясында «Qyr balasy» қоғамдық қорының «Алашкітапханасы» сериясымен жарық көрген Алашзиялыларының шығармалар жинағытаныстырылды.
«Бұл екі іс-шараны 31-мамыр саяси қуғын-сүргінжәне ашаршылық құрбандарын еске алу күнінеорай ұйымдастырып отырмыз. Алаштануинтерактивті кабинетінің ішкі безендіружұмыстары «Ақжол» партиясының демеушілігіменжасалды. Бұл кабинетті ашудағы мақсатымыз –Абай заманынан кейінгі қазақ қоғамындағы үлкенқұбылыс – Алаш қайраткерлерін және олардыңағартушылық саладағы сіңірген орасан зореңбектерін кейінгі ұрпаққа, оқушыларға кеңінентаныстыру, насихаттау», – дейді іс-шараныұйымдастырған жас ғалым Заңғар Кәрімхан.
Жиынға алаштанушы ғалымдар, «Ақжол»партиясының депутаттары, Алаш қайраткерлерініңұрпақтары және мектеп мұғалімдері қатысты.
Профессор Тұрсын Жұртбай Алаш идеясыныңмәңгілік мұрат екенін айтса, академик ДиханҚамзабекұлы Алашты дәріптеу ісі қоғамныңбарлық саласында өрістеуі керектігін жеткізді. Ал Алаш мұғалімі, әдебиетші СейітбатталМұстафаұлының ұрпағы Ермек Әбілғазинатасының өмірі мен қызметі жайындаестеліктерімен бөлісті.
«Ақжол» партиясының мүшелері, ҚР ПарламентіМәжілісінің депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Серік Ерубаев партияның Алаштың ізбасарыекенін, Алашты құрметтеу жолында аяныпқалмайтынын, сөзден іске көшетін уақыт келгенінайтты.
Тағылымды жиын соңында құрметті қонақтарестелік суретке түсті. Алаш арыстарына құранбағышталып, қонақтар арнайы жайылғандастарханнан дәм ауыз тиді.