Жаңалықтар

«Алаш арыстары» атты көрме ұйымдастырылды

Иә, Алаш десе кеудені мақтаныш керней ме, қанатын қомдаған бүркіттей арқалана қаламыз. Өйтпегенде ше, Алаш мемлекетін құрамыз деп бастарын бәйгеге тігіп, тәуелсіздік жолында құрбан болған бабалардың батырлығы ұмытылмайды. Кеше Шығыс Қазақстан облысындағы Өнер музейі «Алаш арыстары» атты көрме ұйымдастырды.

Халықаралық музей түні ая­сында ұйымдастырылған ша­раға өңірдің суретшілері бір ай бұрын білек сыбана кіріскен. Байқау бол­­ғ­андықтан, бәсеке бар. Бір-бі­рінен асып түсуге ты­рысты. Қай­рат­кер­лерді әр қы­рынан бейнеледі. Талап графика жанрында болған соң шеберлер тушь, гуашь, акварель сынды тәсілдерді қолданды.

– Тәуелсіздігімізді асқақтату үшін оның тарихын тереңірек білуіміз керек. Біліп қана қоймай, әр қырынан насихаттағанымыз дұрыс. Биыл біздің музей қазақ зиялыларының бейнесін жас ұрпаққа танытуды көздеп, сурет байқауын ұйымдастырды. Тамаша-тамаша туындылар келіп түсті. Музей көрермендеріне Алаш арыстарын әр қырынан кө­­­­руге мүмкіндік туып отыр, – дей­ді музей қызметкері Есенбол Нақ­тыбайұлы.

Тәуелсіздіктің отыз жыл­ды­­­ғымен қатар келген Әлихан Бөкей­ханның 155 жылдығын, Алаш арыстарын музей қызмет­керлері на­зардан тыс қалдыр­мағаны қуант­ты.

Байқауға облыстың әр өңі­рінен 17 қатысушы өз туындыла­рын ұсынған. Жалпы саны 30 жұ­мыс музей төрінен орын алды. Бай­қау болған соң отыздың іші­нен жүл­деге ілінген шеберлер ақшалай сый­лыққа ие болды. Өнер музейі ұй­ымдастырған шараға демеушілік жасаған ЕКМ СОМPANY ЖШС ди­ректоры өнер өрісінің кеңейе тү­суі үшін аянып қалмайтынын айтты.

– Өнерге қолдау көрсету – әр азаматтың парызы. Біз берген бәй­ге өнердің өлшемі бола қоймас. Бай­қауға қатысқан үміткерлердің туын­дыларын көріп талантты жас­­­тардың өсіп келе жатқанына көз жеткіздік. Біз бұл музеймен бі­раз уақыттан бері серіктесе жұ­мыс істеп келеміз. Әлі де өнер жолындағы іс-шараларға қолдау көр­­сететін боламыз, – деді ЕКМ СОМPANY ЖШС директоры Мақсат Асанұлы.

Egemen.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button