Жаңалықтар

«Qyr balasy» қорының жаңа кітаптары шығады

Алаш кезеңінің тарихи оқиғалары мен тұлғаларын ұлықтайтын, олардың шығармашылық мұрасын жинақтайтын қоғамдық қор «Алаш кітапханасы» сериясы бойынша бірнеше кітапты баспаға ұсынды.

Бұрын-соңды шығармалары жинақ болып, кітап болып басылып шықпаған, әр жерде жарияланып, бір жерге жиналмаған, тіпті есімі әлі беймәлім Алаш тұлғалары бар. Ел президентінің гуманитарлық ғылым саласының ғалымдарынан күтіп отырғаны осындай еңбектер болса керек.

Соңғы екі айдың ішінде біздің қордың ғалымдары, жас зерттеушілері

  1. «Ғазымбек Бірімжан. Шығармалар жинағы»;
  2. «Біләл Малдыбайұлы. Кенесары заманынан»;
  3. «Сейітбаттал Мұстафаұлы. Имам Ғазали»;
  4. «Абдолла Байтасұлы. Көркем әдебиет туралы»;
  5. «Біләл Сүлейұлы. Үміт» деген кітаптарды дайындады.

Қоғамдық қордың атқарушы директоры, алаштанушы ғалым Е. Тоқтарбай: «Бұл азаматтардың бәрі де Алаш зиялылары, мұғалімдері, агрономдары еді, бәрі де атылған, сотталған арыстар еді. Шама-шарқымызға еңбектерін жинап, оқырманға ұсынып отырмыз» деді.

Сапалы әрі жаңа заманғы дизайнда орындалған кітаптың ішінде тарихи фотосуреттер, QR арқылы ашылатын видеолекциялар қамтылған.

Қор басшыларының айтуынша, Алаш арыстарының еңбектері, көтерген мәселелері қай кезде де өзекті. Бүгінгі Қазақсан тәуелсіздігінің заңды тарихи негізі Алаш автономиясының, Қазақ Республикасының жарқын болашағы жолында шаһид кеткен ерлердің ғибратты өмір жолын, рух берер жігер сөздерін оқып, танып-біліп жүруге әбден болады.

Alash24

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button