1923 жылы – Мәскеуде жарық көрген «Темірқазық» журналы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің PhD докторанты Алтын Ақынбекованың ізденісінің нәтижесінде – араб қарпінен кириллицаға ауыстырылып, ғылыми айналымға еніп отыр. Бұл көмекші оқу құралы қазақ баспасөзінің тарихын, теориясын зерттеушілерге, осы бағытта оқитын студенттер мен ізденуші магистранттарға, докторанттарға, және ұлттық баспасөз тағдыры мен тарихына қызығатын барша оқырмандарға арналады.