Ербол Алшынбай

1 жұлдыз2 жұлдыз3 жұлдыз4 жұлдыз5 жұлдыз (2: 3,50 / 5)
Loading...

Әлихан Бөкейханның атылар алдындағы ақырғы сөзі

Кегім кетті көкірегімде қыстыққан,

Көп кәпірге идіргем жоқ басымды.

Шыңғыс қаны – бойымдағы ыстық қан!

 

Қайран Алаш, қатебі жоқ қара нар,

Қажалған қос қапталыңнан қан ағар.

Қарт бурадай аңғалдығың үшін де,

Қан аңсаған қалың қорқау қамалар.

Қарағайда қарсы бұтақ мен едім,

Сондықтан оқ маңдайымнан қадалар.

 

Сен дегенде болаттай ем тапталған,

Сен дегенде алмастай ем сапталған.

Қалың Алаш шексіз сүйдім мен сені,

Сол махаббат мені өлімге ап барған.

Мен сенемін, ертеңгі ұлдың өзегін,

Қариды от боп бүгін менен аққан қан.

 

Ер түркінің ұрпағы едім кеудемде от,

Құлға лайқ күн кеше алман телмеңдеп.

Қазақия жалғызым-ай, зарлым-ай,

Өр жүрегін қансыратқан шер меңдеп.

Заман дауыл домалатқан басымды,

Қайран Арқа, өз құмымен көмген жоқ.

                       *  *  *  *  *

Ұзын Орал күн мен түн шекарасы,

Аржағы түн, бержағы күн баласы.

Арғы жағы көк көзді жын ұясы,

Бергі жағы түріктің сар даласы!

Мағжан

Ұзын Орал түннің шегі бола алмай,

Көк көзді жын асты одан бері алқып.

Сар далама аузын ашып арандай,

Алып атам өр рухын омалтып.

 

Әулиемнің моласына оқ атып,

Гөй-гөйледі сан мың аруақ самсыған.

Ақымынан бабам басын тонатып,

Өртке бердім жазирамды шалқыған.

 

Ауыр мұңнан ару Арқа қансырап,

Күтті зармен асып туған бір ұлды.

Уайымнан өр Маңғыстау сансырап,

Алатаудың қарт жүрегі үгілді.

 

Байбөрі мен Аналықтың зарындай,

Бас тәңірге баратұғын жан сұрап.

Мойынына бұршақ салды.

А, құдай!

Заты қазақ көзінен қан тамшылап.

 

Сол тілекті қабыл көрді хақ құдай,

Алаш туды мұзды жарған кемедей.

Қайраңдағы қайырлаған жерімнен,

Көк теңізге алып шықты телегей!

 

Ойхой, онда мен кімдерден кем едім,

Алауладым көк түркінің туындай.

Желге қарсы шайқалмайды терегім,

Жасыл байрақ тұрар дедім жығылмай!

 

Пешенеме екі бірдей жұт дарып,

Тағдыр бізге теріс салды түренін.

Асылдарым көз жасымдай түсті ағып,

Содан бері беріш менің жүрегім!

 

Содан бері жаным менің жаралы,

Тәңір ием дарымаса бір емің.

Ұлтан құлға кегім кетіп барады,

Қашан туар Алпамыстай бір ерім!

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp