[:kk]Қазнетте Шымкенттегі әнші полицейлердің видеосы талқыланып жатыр[:]

[:kk]Қазнетте Шымкенттегі Арбатта әнші полицейлер түсірілген видео талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің видеосы Instagram желісіндегі kopkz парақшасында жарияланды. Видео кадрларынан екі полицейдің қазақ тілде ән айтып жатқаны көрінеді. Біреуі гитарада ойнайды.

Тұрғындардың айтуынша, видеодағы полицейлер сол маңды күзетеді. Куәгерлер бұл видеоның 4 наурызда түсірілгенін айтады.

Сондай-ақ, куәгерлер тұрғындардың өздері сонда жиналып тұрғанын айтады. Осылайша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдерді 8 наурызбен құттықтамақ болған екен.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp