[:kk]Алматы облысы Заречный түрмесіндегі азаптау ісі бойынша колонияның жеті қызметкері сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро өткізген брифингте айтылды.
3 ақпанда Қапшағай аудандық соты ЛА-155/8 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшысының орынбасары Арман Шабденов пен жедел тәртіп істері жөніндегі басшының орынбасары Аян Жексеновті жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың шешімімен олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар, сот колония басшысының көмекшісі мен төрт жедел қызметкерге қатысты үкім шығарды. Олар бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сотталғандарды азаптағандардың видеосы: Колонияның бес қызметкері ұсталды
Еске салайық, былтыр Желіде колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқаны түсірілген видео тараған еді. Кадрдан басқа әскерилер мен күзетшілерді көруге болады. Осы оқиғадан соң ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.[:]