[:kk]Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?[:]

[:kk]Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан да карантин жариялап, каникул уақытын өзгертпейміз”, – деді Бекшин.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар коронавирустың алдын алу мақсатында 8 наурыз қарсаңында қоғамдық жерлерге көп бармауға кеңес береді.

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Сондай-ақ, вирустың Үндістанға жеткені белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр – Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp