[:kk]Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Біз заңды түрде әкімдерге кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек деп санаймыз. Жетер енді. Өңірлердегі қаражаттың 80 пайызы футболшыларға жұмсалып жатыр. Қашанға дейін осылай болады? Мен бір мысал келтірейін, таяуда бір спортшының клубы 5 миллион еуроға келісімшартқа отырды. Біз Қазақстанда спортты тамытуға 229 миллион теңге жұмсасақ, мұнда бір футболшының өзіне 2 миллиард теңгедей жұмсалып отыр”, – деді депутат.
“Балалар-жасөспірім футболын қаржыландырайық. Стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық, бірақ тек мына футболшыларды емес – 5 миллион еуроға”, – дейді ол.
Депутаттың айтуынша, кәсіпқой спортты бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар мен демеушілер қаржыландыруы қажет.[:]