[:kk]Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz.
Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.
«Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа ғана Сәуле Қисықованың Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын жариялады.
Айта кетсек, Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тура үш жыл жетекшілік еткен. Басқарма басшылығына 2017 жылдың шілде айында тағайындалған.
[:]