[:kk]Тоқаев коронавирустың таралуына қарсы шаралар жөнінде кеңес өткізеді[:]

[:kk]Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

“Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр.”

Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp