[:kk]Қазақстанның Кувейттегі елшісі тағайындалды[:]

[:kk]Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​​ Азамат Рахманқұлұлы Бердібай 1963 жылы 30 шілдеде Алматы қаласында туған. 1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, араб тілінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.

Өз еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласындағы №45 орта мектепте, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде араб тілінің оқытушысы ретінде бастаған.
Дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка елдері басқармасының үшінші хатшысы лауазымынан бастады, онда бірінші хатшыға дейін көтерілді. 1996 жылы Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігіне бірінші хатшы ретінде жіберілді.
1999-2002 жылдары ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық және Азия, Таяу Шығыс және Африка департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2002 жылы Директордың орынбасары лауазымынан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігіне кеңесші болып жіберілді, онда кеңесші-уәкіл лауазымына дейін көтерілді.
2006-2007 жылдары Қазақстанның Дубай қаласындағы (БАӘ) Бас консулы болды. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстанның Катардағы Елшісі қызметін атқарды. 2014 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі және Ирактағы, Ливандағы және Палестинадағы міндетін қоса атқарушы Елшісі болды.
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры болды.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp