[:kk]БҚО шекараларындағы автоөткелдерде санитарлық талаптар күшейтілді[:]

[:kk]ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес БҚО-да Ресеймен шекарадағы 4 автоөткелде карантиндік-санитарлық бекеттердің жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Alash24.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, аталмыш автоөткелдерден жаяу өткен адамдардан ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені жөнінде анықтамалар талап етілуде.

Өткен тәулікте «Сырым» автоөткелінен 222 жүк көлігі және қазақстандық үш азамат жаяу өткен. Жаяу жүргіншілердің қолында анықтамалары болған.

«Ақсай» бекетінен 8 жүк көлігі өтті, жаяу жүргіншілер жоқ.

«Тасқала» бекетінен 12 жүк көлігі, 8 жаяу адам өтті. Жаяу жүргіншілердің ешқайсысында да ПТР тест анықтамасы болмағандықтан, азаматтар Тасқала ауылындағы карантиндік стационарға жатқызылды. Олардан зертханаға сынама алынды.

«Жәнібек» бекетінен 3 жүк көлігі өткен, жаяу жүргіншілер болмады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Жалпы, облыстағы эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. Өңірде осы кезге дейін коронавирус жұқпасымен 6872 адам тіркеліп, соның 6747-сі жазылып

шықты. 109 адам көз жұмды.

Өткен тәулікте екі адамнан коронавирус анықталды. Оның біреуі бұрын ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

Екіншісі ЖРВЖ белгілерімен өздігінен емханаға жүгінген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-мен көршілес Ресей облыстарында коронавирус көп тіркеліп отырғанын жазған болатынбыз.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp