[:kk]Жергілікті билік өкілдері сақтық шараларын ұмыта бастады – Президент[:]

[:kk]Коронавирусқа байланысты жаз айларындағы күрделі ахуалдың зардаптарын естен шығармағанымыз жөн. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Alash24.kz

«Бүгін біз еліміздегі эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық барысын талқылау үшін жиналып отырмыз. Алғашқы кезеңде жіберілген қателіктерді талдауға уақытымыз жеткілікті болды. Жалпы, эпидемияға қарсы күрес кезінде біраз тәжірибе жинадық. Бұл тәжірибені мейлінше тиімді пайдалануымыз керек. Жалпы Үкімет осындай күрделі ахуалда өз жұмысын тиімді, сәтті жүргізуде. Баршаңызға аян, қазір көптеген елде санитарлық ахуал күрделеніп барады. Бұл – коронавирус індеті қайта өршиді деген сөз. Біз бұған дайын болуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент індетке қарсы күрес үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданғанын, ең бастысы, тәжірибе жинақталғанын атап өтті.

«Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын нығайту үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Өңірлердің дайындығын айқындайтын индикаторлар жүйесі енгізілді. Жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып, жұмыс істеуде. Бұл штабтар іс-қимыл шараларын орталыққа жалтақтамай, өздері қабылдай алады. Құзырлы органдардың барлығы індетпен күреске дайын. Еліміздің біртұтас биоқауіпсіздік жүйесін құру жұмысы басталды. Халықаралық қауымдастық ұлттық вакцина әзірлеу жөніндегі жұмыстарымызға қолдау білдіріп отыр. Қазір клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Бұл еліміздің ғылым саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Бірақ, елдегі жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды. Жаз айларындағы күрделі ахуалдың зардаптарын естен шығармағанымыз жөн. Өкінішке қарай, азаматтарымыз, тіпті, жергілікті билік өкілдері сақтық шараларын ұмыта бастады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp