[:kk]Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды[:]

[:kk]Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жергілікті активке өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Alash24.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс әкімінің орынбасары лауазымына Есімова Бақыт Амангелдіқызы тағайындалды.

Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген.

Бұрын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған», делінген баспасөз хабарламада.

Бақыт Есімова ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, білім беру мекемелері, бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында білім беру қызметтерін ұсыну, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, жетекшілік ететін бағыттар бойынша шекара маңы ынтымақтастығы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

 

Облыстық және республикалық бағдарламалардың орындалуын, әлеуметтік сала, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық комиссиялардың, кеңестердің жұмысын ұйымдастырады.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Марат Жүндібаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына ауысты.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp