Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Марапат ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды. Құрметті атақ ақынның 75 жасқа толған мерейтойында салтанатты түрде тапсырылды.
Бұған дейін Жүрсін Ерман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған.










