Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

«Тұран» университетінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме Ұлы даланың жазба мұрасына және оның көне дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне арналды.

Экспозицияда VIII–IX ғасырлардағы көне түркі тіліндегі сирек қолжазбалар, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлеріне жататын араб, парсы және шағатай тілдеріндегі құжаттар, сондай-ақ көне түркі жазуының үлгілері мен латын графикасындағы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Барлық материалдар Ұлттық орталықтың қорында сақталған.

Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp