Елде ауыл шаруашылығы техникасын өндірісін арттыру және дақылдар экспортын ұлғайту жоспарлануда. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді жеңілдетілген қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда. Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін көрсете бастады. Жыл басынан бері астық экспорты айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артты. Қазақстандық арпа Иранға соңғы екі айда сегіз есе көбейіп қайта импорттала бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға артты. Сонымен қатар биыл Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, оның көлемін 250 миллион долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 миллиард теңгені құрап, келер жылы 300 миллиард теңгеге дейін өсетіні болжануда.

Светқали Нұржан: Көрісу – ұлық мейрамның бір бөлігі
15.03.2023 0 0

Ашаршылықтың басты себептері туралы маман пікірі
26.08.2021 0 0

Тұңғыш қазақ «Әліппесін» шығарған тұлға…
29.06.2021 0 0

Т.Омарбеков: Алаш арыстары саяси тұрғыда ақталған жоқ
22.06.2021 0 0

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
02.03.2024
Еш пікір жоқ

Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білген қонақүй
19.05.2023
Еш пікір жоқ

Рухани жаңғыру: Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?
27.10.2021
Еш пікір жоқ

Кеңес үкіметінің дінге қарсы саясаты және діни тұлғалардың қудалануы
22.09.2021
Еш пікір жоқ


