Тұтынушылар құқығын қорғау туралы жаңа заң: не өзгереді?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжілісте  «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады. Бұл құжат нарықтағы жағдайды түбегейлі жақсартуға және әрбір қазақстандықтың құқығын жан-жақты қорғауға бағытталған. Жаңартылған заң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, медицина және туризм сияқты қаржы саласынан басқа дерлік барлық қызмет көрсету салаларын қамтиды, деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

«Қазіргі заман жаңа ойын ережелерін талап етеді. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы қазіргі заңы уақыт талабына сай келмейді», – деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққлиев. «Жаңа заң жобасы – бұл тек формальды өзгерістер жиынтығы емес, әділ және ашық тұтынушылар ортасын қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар жүйесі».

Жаңа заңмен не не өзгереді?

  • Бюрократияның азаюы: Өз құқығыңызды қорғау процедурасы қарапайым және жылдам болады. Көптеген инстанциялардың орнына тұтынушы сотқа дейінгі сатыда және сотта екі инстанцияға ғана жүгіне алады.
  • Тиімді қорғау: Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіліп, қоғамдық ұйымдар азаматтардың мүддесін қорғау үшін кеңірек өкілеттілікке ие болады.
  • Бизнестің жауапкершілігі: Тұтынушылардың құқығын бұзған компаниялар қаржылық санкцияларға дейін ауыр жауапкершілікке тартылады.
  • Онлайн сатып алу кезінде қорғау күшейтілді: Жаңа нормалар тұтынушыларды электрондық саудадағы алданып қалудан қорғайды.

Сонымен қатар, заң жобасында медициналық бұйымдар мен ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын қайтаруға болмайтын тауарлар тізімінен шығару, сондай-ақ авиабилет сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100% қайтармауды алып тастау ұсынылады.

Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға (ТҚҚЗ) өзгерістер енгізу нарықтағы адал бәсекені дамытуға, тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейтуге және қоғам өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге әкеледі. Негізгі заң жобасына қосымша, өзгерістер Азаматтық және Азаматтық процессуалдық кодекстерге, сондай-ақ көлік, туризм, сауда, ақпаратқа қол жеткізу және табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға енгізіледі. Бас прокуратура мен Жоғарғы Сотты қоса алғанда, барлық мемлекеттік органдармен келісімдерді үйлестіру және Мәжілістің барлық комитеттерінің оң қорытындылары осы өзгерістердің жоғары маңыздылығын дәлелдейді.

Ақпарат үшін: 2021 жылы Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне тұтынушылардан 25 мың, 2022 жылы 30 мың, ал 2023 жылы 51 мың шағым келіп түскен.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp