Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов ҚР туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2009-2013 жж. – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.
2013-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
2018-2020 жж. – «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры қызметін атқарған.
2020-2021 жж. – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жж. – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.