Қызылорда облысында төбелестен бір жасөспірім көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында төбелестен бір жасөспірім қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Қазір бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде екі жасөспірім қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында», – деп атап өтті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp