Вайнер Мейіржан Төребаев үйіне жіберілді: ҚАЖД түсініктеме берді

Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, №44 мекемеде жазасын өтеп жатқан Мейіржан Төребаевқа анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді.

«Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі ең төмен мекемелерде жазасын өтеушілер мекеменің әкімшілігіне жеті тәуліктен аспайтын мерзімге оның шегінен тыс жерде жүруге қажетті уақытты есептемегенде, мекеме әкімшілігіне жүгінуге құқылы»,-деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева әлеуметтік желіде күйеуі мен балаларының видеосын жариялаған болатын.

Айта кетейік, былтыр маусым айында Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Осы жылдың басында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді.

Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp