Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған.
Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
“Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған”, – деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған.