Жаңалықтар

Түркістандық ғалымдар Голланд қызғалдағының эксклюзивті түрлерін өсіріп жатыр

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақтың 40-қа жуық түрі өсіріліп жатыр. Ғалымдар қолға алған бастама аясында дала гүлдерін жан-жақты зерттеп, тұқымын сақтап қалу міндеті тұр.

Жалпы, оқу орнының аумағындағы жылыжай «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» жобасы бойынша салынған.

Басты мақсат – қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекция үшін бастапқы материалдар коллекциясын жасау, жедел көбейтудің тиімді әдістерін қарастыра отырып Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болып табылады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button